БРТ үшін 18 станция іске қосылады
Елордада жаңа жүрдек автобус көлігі жүйесін (БРТ) жүзеге асыру қолға алынды. Қазіргі кезде учаскелерде инженерлік желілерді, соның ішінде ұялы байланыс, электр қуатын және су құбырын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар көлемі 20% құрайды.
Сонымен қатар, құрылыс алаңдарын абаттандыру, топырақ дайындау, өндірістік, әкімшілік ғимараттардың фундаменттері үшін шұңқырлар жасау жұмыстары қолға алынды. Қабанбай батыр даңғылынан Сығанақ көшесіне дейін БРТ жүйесі бағытының бойында және депо орналасатын жерде ағаштарды кесу және көшеттерді басқа жерге отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жұмыстардың 80% орындалды.
Жаңа жүрдек автобус көлігі жүйесі (БРТ) қалалық жолаушылар көлігімен ыңғайлы және қауіпсіз жол жүруге мүмкіндік береді. Жалпы, жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсартады. Арнайы бөлінген жолақтармен жүретін жаңа жүрдек автобустар сатып алу жоспарланған. Жолдың жүретін бөлігінен бөлек жабық жолаушылар станциялары салынады.
Алдымен, әуежай, ЭКСПО қалашығын, «Әбу-Даби Плаза» және жаңа теміржол вокзалын байланыстыратын 18 станция іске қосылады. Өмірді қамту кешенімен, қауіпсіз қолжеткізу жүйелерімен, электронды жолақы төлеу жүйесімен (метро қағидатымен), эскалаторлармен және лифттермен жабдықталған станциялар саны біртіндеп ұлғайтылмақ.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz