1429

Астанада электромобильді көліктерге арнап үш қуаттандырушы станция салу жоспарлануда

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме қарсаңында Астанада автомобиль саласының жаңа жетістіктері паш етілді.

10-12 қазан аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығының қолдауымен екінші халықаралық автомобиль көрмесі өтті.

Елімізде тұңғыш рет электр көлігін жарыққа шығарған халықаралық деңгейдегі астаналық автосалон бұл жолы гибридті көліктерге назар аударуда. «Жасыл» тақырыпты сақтауды мақсат еткен иновациялық технология енгізуді көздеген өндірушілер еліміздің ұстанымына айналған «Болашақ энергиясы» бағдарламасында бұл таптырмас шешім екендігін айтады.

Осы көрме аясында электромобильдік көліктерді жасау және оларды қолдануды дамыту жайлы «Астана-Моторс» компаниясы мен «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу бойынша дирексиясы» ЖШС екі жақты меморандумға қол қойды.

Асқар Адамбеков, «ЭКСПО-2017» Имфрақұрлым жобалары секторының жетекшісі:

«Бұл инвестициялық жоба. Қазіргі кезде біз «Қазмұнайгаз өнімдерімен» бірлесіп «жасыл аялдамалар» бағдарламасының негізінде үш жанармай станциясын салу құрлысы жайлы келіссөздер жасаудамыз. Сонымен бірге электромобильді көліктерге арнап бес қуаттандырушы станцияны қанымдау көзделуде. Қазақстан бойынша мұндай станциялар қазіргі жанармай құю станцияларына ұқсамайтын болады. Фотоэлектрикалық модульдермен жабдықталады».

Президент кезекті халыққа Жолдауында: «Біз қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек» деген болатын. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі «Болашақтың энергиясы» бағдарламасын іске асырушылар үшін басты бағыт болуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109