Жаңа біліктілікті арттыру орталығында 1 094 көлік маманы оқытылды
Үстіміздегі жылдың мамыр айында Астанада көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығы өз жұмысын бастаған болатын. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, бес айдың ішінде орталықта 8 қоғамдық көлік кәсіпорынан 1 094 маман білім алған.
Соның ішінде, 674 автобус жүргізушісі мен 420 кондуктор. Сондай-ақ, екі таксомоторлық компанияның («Сарыарқа», «Эко такси») 26 жүргізушісінің біліктілігі арттырылды. Оқытуға қазіргі заманғы автобустарды пайдалану саласындағы үздік қазақстандық және шетелдік мамандар тартылады. Курс соңында үйренушілерге IDcard беріліп, олар автоматты түрде Астана қаласы көлік мамандарының мәліметтер базасына енгізіледі.
Бұдан басқа, орталық жүргізушілер мен кондукторлардың жұмысын бақылау үшін Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен және Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бақылау-ревизиялық қызмет бөлімімен байланыс орнатты. Олар қызметке тұрақты мониторинг жүргізіп, қоғамдық көліктің қатысуымен орын алған әкімшілік бұзушылықтар бойынша мәліметтерді талдайды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz