1266

Астана-Теміртау тас жолының бөлігі 2016 жылы пайдалануға беріледі

Екі жылдан кейін қазақстандықтар Астанадан Теміртауға дейін жаңа автобанмен баратын болады. Тас жолдың аталған учаскедегі құрылысын 2016 жылы аяқтау көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.

«Жол саласындағы ауқымды жобалардың бірі - «Орталық-Оңтүстік» халықаралық дәлізі учаскесін қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Облыс аумағынан ұзындығы 653 шақырымды құрайтын автомобиль жолы өтеді және 2016 жылы «Астана-Теміртау» тас жолының бөлігін пайдалануға беру көзделген», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков. 

Жолды қалпына келтіру жұмыстары 2013 жылы басталған болатын. Қазіргі кезде жол жөндеу жұмыстарына мыңға жуық жұмыскер тартылып отыр. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109