Астанада шетелдік машинаның 170 жүргізушісіне айыппұл салынды
Астанада «Транзит» жедел алдын алу шарасы барысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік көлік жүргізушілері жол берген 170 бұзушылықты анықтады, соның ішінде 57 адам шетел азаматы болып табылады.
Шара барысында шетелдік жүргізушілердің жол қозғалысы ережелері мен Қазақстан аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын пайдалану талаптарын сақтауды бақылау күшейтілді.
Елордалық жол-патрульдік полиция мен көші-қон полициясы қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ кедендік заңнаманы бұза отырып, пайдаланылатын және ел аумағына уақытша әкелінген көліктерді анықтады. Сонымен қатар, шеетелдік жүргізушілерге және жолаушылар мен жүк тасымалдаумен айналысатын көлік құралдарына ерекше назар аударылып, барлық қажетті құжаттары міндетті түрде тексерілді.
Айта кетейік, «Транзит» жедел алдын алу шарасы республика көлемінде 23-27 қазанда өткізілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz