1388

Астанада алдағы жылы жаңа автопарк өз жұмысын бастайды

Астанада қыркүйек айында басталған жаңа коммуналдық автопарктің құрылысы бүгінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қазіргі кезде ғимаратты салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. 

Автопарк қаланың Индустриалды паркі аумағында орналасқан, жалпы ауданы - 7,4 га және 150 автобусқа есептелген. Бұған дейін нысанда барлық ережелер мен нормаларға сәйкес топографиялық түсірілім жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Коммуналдық қызметтерден инженерлік желілерді қосу үшін барлық қажетті техникалық шарттар алынды, діңгектер қағылды, бағана фундаменті мен тіреуіштер орнатылды.

Құрылыс жоспарына сәйкес жаңа коммуналдық автопарк ғимараты 2015 жылғы шілде айында пайдалануға берілмек. 2015 жылдың соңына қарай 350 заманауи автобус сатып алатын елордалық тасымалдаушы компаниялар үшін аталған нысан аса қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109