Астанада жаңа автомобильдер нарығы ұлғайды
Астана Қазақстанның өңірлерінің арасында жаңа көліктер сату нарығындағы абсолютті өсім бойынша көш бастады. 2013 жылғы маусымнан 2014 жылғы маусымға дейінгі аралықта үш жылға дейінгі жеңіл машиналар автопаркі 1,8 мыңға (15,2%) артып, 13,8 мыңды құрады. Жаңа көліктердің үлес салмағы 5,8%. Бұл туралы ranking.kz рейтингтік агенттігінің сарапшылары хабарлады.
Агенттік сарапшыларының атап өтуінше, 10 жылдан асқан көліктер автопарктің 65,6% құрайды. Салыстырып қарасақ, Қазақстан бойынша ескі көліктер жеңіл машиналар паркінің 79,2% алып отыр. Елордалық автопарктің ұлғаюы байқалады: өсім қарқыны 1,4% және Қазақстан бойынша екінші орында.
Астана қаласы көлік нарығы үшін ең перспективті аймақтардың бірі болып табылады. Өткен жылы (2013-2014жж. маусым) қала халқының саны 835 мыңға дейін артқан, өсім - 5%.
Елорданың экономикалық өсімінің жоғары қарқыны, төлеуге қабілетті халық санының артуы оны банк секторы үшін басымды секторға айналдырды. Мегаполис қаржы нарығының дамуы жағынан көшбасшылар тобына жатады. Банк қызметтерін енгізу деңгейі бойынша Астана тек қаржы орталығы - Алматыға ғана есе жіберіп отыр. Белсенді төлем карталары халықтың 53% қамтиды, ал Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 37% ғана.
Жоғарыда келтірілген фактілерді ескере келе, бірнеше жылдан кейін елорданың көлік ағынының тығыздығын Алматының көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкін болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz