1222

Астанада 35 фототіркеу аппараттық кешені орнатылды

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Тіршілікті кешенді қамтамасыз ету жүйесі» жобасын жүзеге асыруда.

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, биыл тәжірибе ретінде «Астана Инновейшн» АҚ тестілік тәртібінде қаланың қозғалысы қарқынды көшелерде «Вокорд» компаниясының 35 аппараттық кешені (бұдан әрі - АПК), соның ішінде 25 «Вокорд-Циклоп» және 10 «Вокорд-Траффик» орнатылды.

«Вокорд-Траффик» - бұл толық функциялы жол қозғалысын бақылау жүйесі, автокөлік нөмірлерін танудан бөлек, келесі жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты режимде тіркейді:

1. Жылдамдықты арттыру;

2. Жолдағы орташа жылдамдықты арттыру;

3. Жол қиылысындағы тәртіп бұзушылық: бағдаршамның қызыл жарығына жолды кесіп өту, тоқтау сызығынан асып кету, тыйым салынған жерлерде бұрылу, бағдаршамның қосымша секциясы жанып тұрғанда бұрылу;

4. Жалпақ тұтас сызықты кесіп өту;

5. Жолдың қарсы бағытына шығу;

6. Рұқсат етілмеген жерде тұру және тоқтау;

7. Теміржол өтпелерінен өткенде ереже бұзу;

8. Басқарылмайтын жаяу жүргіншілер жолында жаяу жүргіншіге жол бермеу;

9. Қоғамдық көлікке белгіленген сызықпен жүру және т.б..

Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін бағдарламалық-аппараттық кешен VOCORD Net Cam4 жоғары шешімді камераларымен, радарлармен, импульсивті ИК-прожеторларымен, кростау құрылғыларымен, көше серверлері мен бағдарламалық қамтумен жабдықталған.

Автокөлік нөмірлерін анықтайтын фототіркеу камераларынан бөлек, жол қиылыстарында бағдаршамдарға бағытталған шолушы бейнебақылаулар орнатылады. Бағдаршамның қызыл түсі шамы жанғанда тоқтау сызығынан асып қиылысқа өткен автокөлік ереже бұзу болып табылады. Шолушы бейнебақылау камералары түсірген суреттер қосымша дәлел ретінде пайдаланылады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде аталған кешендер тестілік тәртіпте  қолданылуда. Олардың жұмысының нәтижесіне байланысты аппаратураны іске қосу мәселесі шешілетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109