1569

Елордалық полицейлер жол ережесін сақтау бойынша рейд өткізді

Астана қаласының Жол-патрульдік полицейлері жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілерді және адамдарға жолдан өтуге мүмкіндік бермеген жүргізушілерді анықтау мақсатында арнайы рейд өткізді.

Аталмыш шара жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында қолға алынып отыр.

13 ақпан күні жол-патрульдік полиция инспекторлары адам көп шоғырланатын көшелерде кезекшілік жүргізіп, жаяу жүргіншілерге жол жүру ережесі туралы еске салды.

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері елордада жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам жаяу жүргіншіге жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін жалпы 20 млн теңге көлемінде әкімшілік айыыппұл салынды, 623 көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жауапқа тартылды.

Еске сала кетейік, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолдан өткені үшін 5 АЕК немесе 9,910 теңге көлемінде, ал көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілер өтетін жерде ереже бұзғаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109