1279

Астанада жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша рейд қорытындысы шығарылды

Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы жолдарда апатты жағдайларды болдырмау мақсатында тұрақты түрде алдын алу шараларын өткізеді.

Әсіресе, жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің қадағалануы бойынша көп жұмыстар жүргізіледі. Апта сайын жұма күндері жол-патрульдік полиция қызметкерлері қауіпті деп саналатын көшелерде арнайы рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Бір күннің ішінде Астана қаласы ІІД ӘПБ қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін 182 жаяу жүргіншіні ұстады, әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы да 15 жаяу жүргінші тексеру барысында жеке куәлігінің болмауына байланысты жеке тұлғасын анықтау үшін тірек пунктіне жеткізілді.

Жалпы, жыл басынан бері тыйым салынған жерлерден жолды кесіп өткені үшін 6 мыңға жуық жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін сақтап, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарау керектігін ескертеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109