1350

Астанада жол салу және жөндеу жұмыстары басталды

Астанада 11 сәуірде Жәнібек Тархан көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен Асан қайғы көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары басталды, автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жөндеу аясында су құбырын, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесін орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, осы бөлікте жылу трассасын қайта салу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған. Тиісті жөндеу жұмыстарын үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау көзделген.

Биыл 25 км жол бөлігі жөнделмек:

- Тілендиев даңғылы Күмісбеков көшесінен көлік орамына дейін;

- Абай даңғылы Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін;

- Бейбітшілік көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейін;

- Қарасай батыр көшесі;

- Шевченко көшесі;

- Ш. Жиенқұлова көшесін (Фурманов көшесі) көпірден Бейсекбаева көшесіне дейін;

- Гете көшесі;

- Жаңақоныс көшесі;

- Жансүгіров көшесі;

- Мүсірепов көшесі;

-  Дулатов көшесі Бәйсейітова көшесінен Аспара көшесіне дейін;

- Брусиловский көшесі Абай көшесінен тұйық көшеге дейін;

- Ташенов көшесі Ташенов тұйық көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін;

- № 15 көше Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейін;

- Бурабай көшесі Қобыланды батыр көшесінен КТК дейін;

- Оқжетпес тұйық көшесі;

- Қарағандылық көшесі;

- Көкжиек көшесі  (Көктал-1 ТА);

- Жиенбет Жырау көшесі «Мисон» ТК өтетін жол (Шұбар ТА);

- Игілік көшесі (Өндіріс);

- Заречный ТА, Еңбекшілер көшесіндегі № 14 тұйық көше.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109