Астананың Қорғалжын тас жолында көлік қозғалысы шектеледі
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, Астана қаласында 2015 жылдың 14 сәуірінде сағат 20:00-де Қорғалжын тас жолының Ш. Бейсекова көшесінен Ильинка тұрғын алабы бағытындағы жолда көлік қозғалысы қарама-қарсы жолаққа ауыстырылады.
Көлік қозғалысы жол құрылысы жұмыстарына орай жабылады.
Басқарма көлік иелеріне кептелісті болдырмау үшін өз бағыттарын алдын-ала болжауға кеңес береді.
Жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін жол жабылған жерде арнайы белгілер орнатылатын болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz