1265

Елорда көшелерінде жолдарды белгілеу жаңарады

Көктем келісімен Астанада жолдар мен көшелерді жоспарлы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұдан бөлек, Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы белгілеулерді жаңартуды жоспарлап отыр.

Басқарма жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында Астана қаласының көше-жол желілерінде белгілерді бояу жұмыстарын бастады. Жұмыстар бекітілген кесте бойынша Әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірге жүргізіледі. Кейбір көше бөліктерінде белгілер жол жөндеу жұмыстары аяқталған соң салынатын болады.  Үстіміздегі жылы жалпы көлемі 275 217 шаршы метр жол белгісін салу жоспарланған.

Еске сала кетейік, бүгінде Астанада Жәнібек Тархан көшесін жөндеу жұмыстарына байланысты 11 сәуірден бері Ш. Уәлиханов көшесінен Асан қайғы көшесіне дейін көлік қатынасы тоқтатылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары аясында су құбырын, нөсер канализациясын, шаруашылық-тұрмыстық канализацияларды орнату жұмыстары іске асырылады. Сонымен қатар, жол бөлігінде жылу трассасын қайта салу мен іргелес аймақты абаттандыру жоспарланған. Аталған жол бөлігінде көлік қозғалысы үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде қалпына келтірілмек. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109