1974

Қаланың кейбір көшелерінде жүк және мамандандырылған көліктердің қозғалысына уақыттық шектеу қойылады

14 қыркүйектен бастап Астананың кейбір көшелерінде жүк және мамандандырылған көліктердің қозғалысына уақыттық шектеу қойылады. Бұл бастаманы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Әкімшілік полиция басқармасы «Астана LRT» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

Шектеу таңғы сағат 7.00-ден кешкі 21.00 дейін жалғасады және 2 учаскені қамтиды.

№1 учаске. Бөгенбай батыр даңғылының бойымен Ақжол көшесінен Бейсекова көшесіне дейінгі аумақ. Ұзындығы – 8,6 км. Балама жол ретінде жүк және мамандандырылған көліктер Алаш тас жолының бойымен, «Обход Астана» деп аталатын автомобиль жолының Тілендиев көшесінен Бейсекова көшесіне дейінгі жолмен жүреді.

№2 учаске. Төрт үлкен көшені қамтиды. Қошқарбаев көшесі (Төлебаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін), Байтұрсынов көшесі (Сарыкөл көшесінен Обаған көшесіне дейін), Сығанақ көшесі (Тәуелсіздік көшесінен Тұран көшесіне дейін) және Қабанбай батыр даңғылы (Сығанақ көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін). Балама жол ретінде жүк және мамандандырылған көліктер Қарағанды тас жолы арқылы Төлебаев көшесінен Астана-Қарағанды жолайырығы арқылы, одан кейін Қабанбай батыр даңғылының бойымен Қарқаралы тас жолымен қиылыстағы айналмалы жолайырыққа дейінгі жолмен жүре алады.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес, жүк көлігі Бөгенбай батыр даңғылын қарбалас кезінде 21 км/сағ жылдамдықпен 24 минутта жүріп өтеді. Балама жол арқылы жүрген жағдайда, бұл көрсеткіш 7 минутқа артады. Алайда көліктің жылдамдығы 60-63 км/сағ. жетеді. Екінші жолдың бойымен жүк көлігі қарбалас уақытта 28 км/сағ жылдамдықпен 28 минутта өтетін еді. Балама жолмен көліктің жылдамдығы 60-63 км/сағ дейін артып, 4 минутқа артық уақыт алады.

Бұл өзгерістер келесідей мәселелерді шешуге септігін тигізеді: аталған көшелердегі кептеліс; учаскелер жалғасатын көшелерге түсетін жүктеме; қаланың негізгі көшелеріндегі жүк көлігінің қарқынды қозғалысы; жүктеме көп түсетін көшелерде қоғамдық көліктің көп болуы; көлік ағымы жылдамдығының төмен болуы, соның салдарынан қоршаған ортаға келтірілетін залал.

Жүк көлігін шектеу аталмыш көшелерде қарбалас уақытта көлік ағымы жылдамдығының артуына әкеледі. Осылайша, Бөгенбай батыр даңғылының кей учаскелерінде жылдамдық 4 км/сағ, ал Сығанақ көшесінің бойында көлік жылдамдығы 5 км/сағ дейін артады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109