1630

Қазақстан-Нидерланды арасындағы футбол матчы кезінде көлік қозғалысы шектеледі

10 қазанда сағат 22.00-де «Астана Арена» стадионында Еуропа Чемпионаты-2016 іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Нидерланды құрамаларының арасындағы футбол матчы өтеді. Осыған байланысты 10 қазан күні, сағат 19.00-ден бастап матчтың аяқталуына дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы қиылысы, Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін қоғамдық көліктер мен таксиден басқа көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектеледі. Ұсынылатын айналма жолы - Орынбор көшесі.

Астана қаласының халықаралық әуежайына сапарға шығатын азаматтар мен әуежай маңында тұратын елді-мекендердің тұрғындары жол маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.

Аталған жол бойындағы жүктемені жеңілдету мақсатында Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын футбол матчына барарда қоғамдық көліктерді пайдалануға шақырады.

Футбол жанкүйерлері «Астана-Арена» стадионына № 10, 12, 27, 40, 43, 51, 55 қоғамдық көліктерімен қатынай алады.

Сондай-ақ, көрермендер үшін арнайы автобус-шаттлдары ұйымдастырылады. Сағат 19.00-де Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионы,  «Қазақстан» спорт сарайы,  «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық циркі, Жеңіс даңғылы бойындағы «Жастар» театры алдында арнайы қоғамдық көліктер жолаушыларды жинап алады.

Арнайы автобус-шатлдардың жол жүру құны қоғамдық көліктердің бағасымен бірдей болып келеді. Жол жүру билеті жарамсыз.

Ойын аяқталғаннан кейін «Астана-Арена» стадионынан автобус-шаттлдары мен № 10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 55, 61 қоғамдық көліктерімен қайтуға болады.

Елордалық полицейлердің айтуынша, бұрын өткізілген шараларға сәйкес жанкүйерлердің қоғамдық көліктерді пайдаланғаны тиімді екені дәлелденді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109