1780

Елордада 13 мыңнан астам көлік пайдалану ережелерін сақтамау фактісі анықталды

Жыл сайын Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері көлік пайдалану ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтау бойынша арнайы іс-шаралар өткізеді. Автокөлікті уақытылы жөндемеу – қаладағы экологиялық жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін. Астанаға күнделікті шамамен 6 000 жуық көлік қатынайды.

Осыған орай, Астана қаласы ӘПБ қызметкерлері елорданың орталық көшелерінде көліктердің түтін шығаратын құбырларын тексеру шараларын өткізді.

Берік Жолдасбеков, жол-техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры:

-  Жыл басынан бері Астана қаласының Әкімшілік полициясы көлік пайдалану ережесін бұзып, салдарынан ауаға зиянды газдардың таралуына жол берген 13 мыңнан астам көлік иесін жауапкершілікке тартты. Жалпы сомасы шамамен 38 миллионға тең әкімшілік протокол жасалды.

Бензинмен жүретін көлік құбырынан 8 пайыздық мөлшерден артық зиянды газдар шығарылған жағдайда және газ немесе дизельмен жүретін көліктерден 10 пайыздық мөлшерден артық зиянды газ шығарылған жағдайды көлік иесіне 5-10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Айта кету керек, Астана қаласы ІІД ӘПБ мекемелер мен құрылыс компаниялары тарапынан жолдардың ластануына жол бермеу бойынша да бірқатар шаралар атқаруда. Жыл басынан бері жол бөлігінің ластаған 150 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109