Елордада Кенесары көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
21 мамырдан
бастап Кенесары көшесінде Республика даңғылынан Иманбаева көшесіне дейінгі
аралықта асфальтобетон жамылғысын төсеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік құралдарының
қозғалысы тоқтатылады.
Сонымен қатар, 22 мамырда Қабанбай батыр даңғылында Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына («Рамстор» дүкені жанындағы көпір) дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көшенің аталған бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
Еске салайық, 5 маусымға дейін Өзбекәлі Жәнібек көшесінің Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Сонымен қатар, 23 мамырға дейін Бөкейхан көшесінің Кенесары көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. 25 мамырға дейін Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.
Елордада жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz