1137

Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

Астанада 28 мамырдан бастап 15 қалалық маршруттың қозғлыс сызбасы уақытша өзгеретін болады. Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасының хабарлауынша, маршруттардың өзгеруіне Қабанбай батыр даңғылы мен А. Бараев көшесінде Қорғалжын тасжолынан Иманбаева көшесіне дейін жол жабынын жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Төменде қозғалыс сызбасы өзгертілген қалалық маршруттар көрсетілген: 

№1, 20 маршруттар: Уәлиханов к-сі – Кравцов к-сі – Ташенов к-сі – Республика даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;


№3, 23, 25 маршруттар: Тәуелсіздік даңғылы – Ташенов к-сі – Республика даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

№18, 28 маршруттар: Тәуелсіздік даңғылы – Ташенов к-сі – Орынбор к-сі, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

№ 27 маршрут: Республика даңғылы – Кенесары к-сі – Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы – Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

№ 32 маршрут: Абай даңғылы – Сарыарқа даңғылы – Тұран даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

№ 44 маршрут: Тәуелсіздік даңғылы – Ташенов к-сі – Орынбор к-сі – Сарайшық к-сі – Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

№52 маршрут: Республика даңғылы – Кенесары к-сі – Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы – Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

№70 маршрут: Уәлиханов к-сі – Кравцов к-сі – Ташенов к-сі – Орынбор к-сі одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

№100э бағдары: Республика даңғылы – Ташенов к-сі – Орынбор к-сі – Сарайшық к-сі – Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

№ 103э бағдары: Уәлиханов к-сі – Кенесары к-сі – Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

№127 маршрут: Уәлиханов к-сі – Кенесары к-сі – Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы –Косманавтов к-сі, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

Айта кетейік, Астана қаласының көше-жол желісіндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалалық жолаушылар көлігінің қозғалысы қалпына келтіріледі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109