913

Азаматтардың жеңілдікті санаттарына арналған атаулы көлік карталарын тарату мерзімі ұзартылды

3-15 маусым аралығында атаулы көлік карталарын Республика даңғылы, 31 мекен жайы бойынша «Жастар» сарайында орналасқан пунктен алуға болады.

Көлік картасын алмаған азаматтар жеңілдікпен жүру құқығын растайтын құжаттарды көрсетіп, қоғамдық көліктермен (қала маңына қатынайтындардан басқа) тегін жүре алады. ПАл мамыр айында фототіркеуден өткен азаматтар көлік карталарын аталған пунктен алып кете алады, фототіркеуден өтпеген азаматтар жақын арада ашылатын арнайы кассаларға жүгінуі керек.

Жалпы, азаматтардың жеңілдікті санатына арналған 54 мың атаулы көлік картасын беру жоспарланған. Қазіргі кезде 42 мың карта таратылды.

Бұрын хабарланғандай, карталар тегін, сондай-ақ, елордалық бағдарлар - қалалық және экспресс маршруттармен (қала маңына қатынайтын маршруттармен жүру оқушылар мен жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін ақылы болып қалады) жүру үшін толтыру қажеттілігінсіз таратылады.

Еске салайық, 4 мамырда Astra Plat электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында азаматтардың жеңілдікті санаттарына көлік карталары беріле бастады. Ережелерге сәйкес, Астана қаласының тұрғындары және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қалалық филиалынан әлеуметтік төлемдер алатын азаматтардың төменде көрсетілген санаттары қоғамдық көлікпен тегін жол жүреді:

-  жасына қарай және еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер;

- жасына қарай зейнетке шыққандар және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;

-  көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар;

-  мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

-  ҰОС қатысқандар мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар;

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109