Кейбір қалалық маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді
Астанада 7-10 маусымда Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 20 қалалық және 7 қала маңына қатынайтын маршруттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі. Атап айтқанда:
- № 12 маршрут: Қонаев к-сі – Орынбор к-сі – Алматы к-сі – Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі Достық көшесіне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- № 18 маршрут: Қонаев к-сі – Орынбор к-сі, одан әрі Достық, Сауран және Керей, Жәнібек хандар көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- №28 маршрут: Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық к-сі – Қонаев к-сі – Тұран даңғылы – Сығанақ к-сі – Қабанбай батыр даңғылы – Керей, Жәнібек хандар к-сі, одан әрі Достық және Сауран көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- №32 маршрут: Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық к-сі – Орынбор к-сі, одан әрі Достық және Қонаев көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- №40 маршрут: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Тұран даңғылы, одан әрі Орынбор, Достық және Сығанақ көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- №46 маршрут: Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық к-сі – Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Түркістан к-сі – Сарайшық к-сі, Достық көшесіне кірмейді;
- №50 маршрут: Керей, Жәнібек хандар к-сі – Орынбор к-сі – Сарайшық к-сі – Түркістан к-сі – Қонаев к-сі – Орынбор к-сі, Достық пен Сауран көшелеріне кірмейді;
- № 51 маршрут: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Тұран даңғылы, одан әрі Достық пен Сығанақ көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- № 52 маршрут: Қонаев к-сі – Орынбор к-сі – Керей, Жәнібек хандар к-сі, одан әрі Достық пен Сығанақ, Сауран көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- № 56 маршрут: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Хан Шатырды айналып шығады – Тұран даңғылы – Қонаев к-сі, Достық пен Сығанақ көшелеріне кірмейді;
- № 60 маршрут: Орынбор к-сі – Керей, Жәнібек хандар к-сі, одан әрі Достық пен Сауран көшелеріне кірмейді;
- № 101 экспресс-маршрут: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Тұран даңғылы – Сығанақ к-сі, одан әрі Достық көшесі мен Қабанбай батыр даңғылына кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- қала маңына қатынайтын № 300, 305, 312 маршруттар: Тұран даңғылы – Хан Шатырды айналып шығады – Тұран даңғылы, Қабанбай батыр даңғылы мен Достық көшесіне кірмейді. Соңғы пункт - Хан Шатырдың артына тоқтайды;
- қала маңына қатынайтын № 302, 303, 308, 309 маршруттар: Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев к-сі – Хан Шатырды айналып шығады – Тұран даңғылы, Достық көшесіне кірмейді. Соңғы пункт – Хан Шатырдың артына тоқтайды.
Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы Астана қаласының көше-жол желісінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалпына келтіріледі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz