Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі қалалық автовокзал ғимаратында өтеді
Астанада 31
мамырда қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
ұйымдастырған кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы бір
өзгешелігі – іс-шара қалалық «Сапаржай» автовокзал ғимаратында ұйымдастырылуда.
«Жәрмеңкенің авто және темір жол вокзалдары аумағында өткізілу мақсаты осы маңдағы өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды (пәтерлерін жалға берушілер мен такси жүргізушілері, жүкшілер, тағы басқа адамдар) жұмыспен қамту бағдарламасына белсенді қатысуға тарту болып табылады», - деп түсіндіреді Басқармадан.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шара алдағы уақытта оқуын жалғастыруды көздейтін мектеп бітірушілер үшін де пайдалы болады деп санайды.
Жәрмеңкеде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандары азаматтарға жұмысқа орналасуға байланысты кеңестер беріп, қайта оқыту, жаңа мамандық алу мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ, мектеп бітірушілерге жастар тәжірибесінен өтудің жолдарын әңгімелейді.
Сонымен қатар, қаланың Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері де азаматтарға қауіпсіздік пен еңбек қорғау, әлеуметтік сақтандыру мен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңестер береді.
Бос жұмыс орны жәрмеңкесі жұмысын 31 мамырда 10.00-де қалалық автовокзал ғимаратында бастайды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz