Астанада жыл басынан бері 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Астанада жыл басынан бері 5 айдың ішінде 7 354 жаңа жұмыс
орны ашылды, оның ішінде: өнеркәсiпте 644, құрылыста 1 207, көлік және қоймалау
саласында 487, көтерме және бөлшек саудада 1 619, бiлiм беру саласында 781, денсаулық
сақтау саласында 368 және экономикалық қызметтің басқа түрлері саласында 2 248.
Сонымен қатар, Астана қаласы әкiмдiгінің Жұмыспен қамту орталығымен 1 889 адам жұмысқа орналастырылды.
Жастар тәжірибесін өтуге 126 түлектер және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 114 адам қайта даярлауға жіберілді.
Еске салайық, «Нұрлы жол» жаңа экономикалыық саясатты іске асыру аясында 2015-2019 жж 400 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделген.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz