Елорданың 300 жуық тұрғыны бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты
Бүгін «Сапаржай» автовкозал ғимаратында Астана қаласы
әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне «Астана Су арнасы» МКК, «Алма ТВ» ЖШС, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ, «СМЭУ Астана» ЖШС, Астана қаласының Ішкі істер департаменті және т.б. 20 елордалық кәсіпорын қатысты.
Жәрмеңкеде жалпы, 200-ден астам жұмыс орны ұсынылды: сату бойынша менеджер, жүргізуші, бағдарламашы және ІТ маманы, тігінші-оператор, құрылыс ұйымдарының қызметкерлері және т.б.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 300-ге жуық адам келді, соның ішінде:
- «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысу сұрақтары бойынша 300 адам кеңес алды;
- жұмыс берушіге сұхбаттасуға 136 адам жіберілді;
- 81 адам жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға қатысты ақпарат алды;
- кәсіптік оқыту бойынша 59 адам ақпарат алды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz