1341

Астанада 5000 жуық түлек бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

«Жастар» сарайында жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша,бүгінгі күні 20 000 астам түлек елордалық оқу орындарын тәмамдаған. 

Жастар жұмыс іздеу кезінде негізінен еңбек нарығындағы бос орындар туралы ақпараттың болмауы және тәжірибенің аздығы сынды мәселеге тап болады. Осыны ескере отырып, аталмыш шара түлектер мен жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына зор септігін тигізбек. Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманбердінің айтуынша, биыл 65 жуық қатысушы компания түрлі бос орындар ұсынып, жас мамандарды қуана жұмысқа қабылдады.

Талғат Рахманберді, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Дәл осы жәрмеңкенің ерекшелігі – ол  биыл оқу бітірген университет және колледж студенттеріне арналып отыр. Үстіміздегіжылы Астанада 14 университетті 13 мыңнан астам түлек тәмамдады. Осындай жәрмеңке 10 шілдеге қарай тағы да өткізілмек. 300-ден астам бос орын бар. 10 шілдеге дейін шамамен 200 жұмыс беруші тартылмақ.

Бүгін түлектер 4000 астам түйіндеме қалдырды. Көптеген ірі компанияларға менеджерлер, бағдарламалаушылар, дизайнерлер және т.б. орындарға қызметкерлер керек болды. Осындай ауқымды бос орындар жәрмеңкесін өткізу студенттердің жұмысқа орналасуына жол ашады.

Еңлік Төлегенова, жұмыс іздеуші:

- Мен биыл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін аударма ісі мамандығы бойынша тәмамдадым. Бұл жәрмеңкеде жұмыс берушілер аудармашы, ағылшын тілінің мұғалімінің орындарын ұсынып жатыр. Мен өзіме лайық жұмыс таба аламын деп ойлаймын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109