Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді
9 шілде күні елордада «Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Шара ЖОО мен колледждер түлектері және жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына нәтижелі көмек көрсетуге бағытталған. Жәрмеңке «Конгресс-холл» МКҚК ғимаратында 10.00-15.00 аралығында өтеді. Шарада BI-Group, Базис-А, Mega line, Смэу Астана, Comfort air, Қазақстан құбыр зауыты, Magnum, Transtelecom, RDC Астана, Астана Инженерлік орталығы және т.б. қатарлы 150 компания 500-ден астам жұмыс орнын ұсынады.
Бос орындар жәрмеңкесі қатысушыларға өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға, ал, жұмыс берушілерге үміткерлердің іскерлік қасиеттерін бағалап, жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
Аталмыш шара жастар арасында жұмыссыздық мәселелерін шешетін маңызды механизм болып табылады.
Айта кетейік, бүгінгі күні Астанада техникалық және кәсіби білім беруді жалпы контингенті 28 мың адамнан асатын 34 оқу орны жүзеге асырады. 2016 жылы әрқайсысы 800 орындық екі колледж бен 300 орындық екі жатақхана салу жоспарланып отыр.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz