1276

Төрт мыңнан астам елордалық түлек бос орындар жәрмеңкесіне қатысты (ФОТО)

Бүгін Конгресс-холл ғимаратында барлық колледждер мен ЖОО студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны дәстүрлі түрде Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

Шара ЖОО мен колледждердің түлектері мен жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына нәтижелі көмек көрсетуге бағытталған. Бүгін BI-Group, Базис-А, Mega line, «Смэу Астана», Comfort air, Қазақстандық құбыр зауыты, Magnum, Transtelecom, RDC Астана, Астана Инженерлік орталығы және т.б. сынды 150 компания 500-ден астам жұмыс орнын ұсынды.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманбердінің айтуынша, бұл жолы жәрмеңкеге 4 мыңнан астам түлек қатысқан.

Талғат Рахманберді, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының  басшысы:

- Биыл елордалық университеттер мен колледждерді 20 мыңнан астам жас маман тәмамдады. Негізінен қызмет көрсету, құрылыс, инженерлік салалардың мамандарына сұраныс көп. Бүгінгі жәрмеңкенің ерекшелігі - оған ірі компаниялар қатысып отыр. Аталмыш шара жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін шешетін маңызды механизм болып табылады.

Райымбек Қырымбаев, жұмыс іздеуші:

- Мен жәрмеңке туралы әлеуметтік желілерден білдім. Осында келіп, түрлі копаниялардың көптеген жұмыс орындарын ұсынатынын көрдім. Бос орындар жәрмеңккесі жастар үшін тиімді, себебі, оқу бітірген соң жұмысқа орналасу қиын.

Бүгінгі күні Астанада техникалық және кәсіби білім беруді жалпы контингенті 28 мың адамнан асатын 34 оқу орны жүзеге асырады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109