1197

Елордада жәрмеңкеде 500 бос жұмыс орны ұсынылады

Үстіміздегі жылдың 24 шілдесінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Жұмыспен қамту орталығымен Ш. Айманов, 6 (С. Сейфуллин көшесінің қиылысы) мекенжайындағы «Тұран-Профи» академиясының ғимаратында Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеде 25 жұмыс беруші 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Мақсаты - жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылады.

Айта кетейік, Астана қаласында 2015 жылдың І жартыжылдығында 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, 2300 адам жұмысқа орналастырылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109