Елордадағы бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 300 жуық қызмет түрі ұсынылады
Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, тамыздың 26 күні өтетін кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде қала тұрғындары үшін 300 жуық қызмет түрі ұсынылады.
Щара барысында Жұмыспен қамту орталығының мамандары "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша кеңестер беріп, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік бос жұмыс орындар мен еңбек ақысы төленетін қоғамдық жұмыстар туралы баяндайды.
Атап өту керек, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде елорданың 20 жуық мекемелері мен кәсіпорындары бос орындарды ұсынады. Жәрмеңке тамыздың 26 күні сағат 10:00-де «Astana mall» ойын-сауық орталығында өткізіледі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz