1407

«Жасыл ел» жасақтарының Х маусымы аяқталды

Жыл сайын Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жастарды жұмыспен қамту мақсатында студенттік құрылыс жасақтары  және  «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жобалары жүзеге асырылып келеді.

Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, аталмыш жобаға елорданың  жоғары оқу орындарының 1500-ге жуық студенттері қатысқан.

Бүгінгі мерекелі шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, елордалық құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс және жастар жасақтарының басшылары, сондай-ақ, қаланың белсенді жастары қатысты. «Жасыл ел» жасағының белсенділері грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Биылғы жылы жоба аясында 1500 жуық жас өрен жұмыспен қамтылды, олардың қатарында жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, орта мектептердегі жоғары сынып оқушылары мен жұмыссыз жастар бар. Жыл басынан бері белсенді жастар қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға өз үлестерін қосты, ЭКСПО қала құрылысы және басқа да құрылыс жобаларына қатысты. Аталмыш шара еліміздің жастарын біріктірумен қатар, жұмыспен қамту мәселесіне өз үлесін қосады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109