1095

Астана жұмыспен қамту бойынша көшбасшы орнында

Қазақстан бойынша жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші елордада тіркелген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыссыздықты алдын алу шараларына бойынша өткен баспасөз мәслихатында елорда әкімдігінің өкілдері мәлімдеді.

- Жұмыссыздықпен күресуге бағытталған іс-шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызға төмендеп, 4,6 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде бүгінде Астанаға көшбасшы орында тұрақтауға мүмкіндік берді,  – деді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушкан.

Елорданың еңбек нарығында «2015 жылға арналған Астана қаласының жұмыспен қамту бойынша кешенді жоспары» жүзеге асырылуда. Сонымен бірге, бос орындар жәрмеңкесі мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елордада 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар, ай сайын бос орындар саны артуда.

- Жыл басынан бері 10 мыңға жуық адам өтініш білдірді. Оның ішінде 4,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды, – деді Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар. Оның айтуынша, Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіргендердің  жалпы санының 95% жұмыспен қамтылды.

Брифинг барысында Астана қаласы кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев қаладағы кәсіподақ орталығының ағымдағы жағдайы мен жоспары туралы айтты. Бүгінгі таңда қалада кәсіподақ жұмысы мемлекеттік мекемелерде, теміржол, денсаулық сақтау, шаруашылық мекеме, мәдени, білім беру, энергетика және байланыс салаларында жүргізілуде. Бүгінгі таңда, құрылыс саласына ерекше көңіл бөлінуде, себебі, кәсіпорындардың көпшілігі кәсіподақ құруға ниет білдірмейді. 

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен құрылған үшжақты комиссия жұмыс орындарын сақтауда және еңбек нарығын реттеу мәселелерінде маңызды жұмыстар атқарады. Үшжақты комиссия – қала әкімдігі, кәсіпорын басшылары және елорданың кәсіподақ орталығы арасында құрылған. Жыл басынан бері алты комиссия отырысы өткізілді және  оның жұмысы 19 ұйымда қызмет ететін 598 жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109