1193

Жыл басынан бері "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" аясында 3 мыңнан аса адам жұмысқа орналастырылды

"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасының "Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету" бірінші бағыты бойынша ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 8 нысанда жұмыстар аяқталды деп хабарлайды Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығы. №  1 қалалық балалар ауруханасы, №2, 3 және 9 қалалық емханалар, №  10 мектеп-гимназия, № 40 орта мектеп, Астана қаласы әкімдігінің "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" КММ қазіргі кезде толық режимде жұмыс істеуде. 

Бұдан басқа, № 3 қалалық емхана жанындағы жалпы практикалық дәрігерлер бөлімінде және «Демеу» отбасылық медицина оқу-практикалық орталығында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері бағдарламаның арқасында барлығы 144 адам, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша – 72 адам жұмысқа орналастырылды. 

Сонымен қатар бағдарлама аясында «Жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша жыл басынан бері 3 117 адам орналастырылды. Олардың 783-і мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды: жастар тәжірибесіне 586 бітіруші жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 115 адам орналастырылды, қайта даярлау курстарына 82 жұмыссыз жіберілді.

Жұмыспен қамту орталыңының хабарлауынша, өтініш берген адамдардың 34 %-ы қызмет көрсету және сауда салаларына; 22%-ы денсаулық сақтау саласына; 16%-ы өнеркәсіпке; 12%-ы құрылысқа; 10%-ы білім беру саласына және 6%-ы басқа қызмет салаларына орналастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109