Бос орындар жәрмеңкесіне 1000-ға жуық астаналық қатысты
Астана қаласында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған елорданың 23 кәсіпорны қатысты, Астана қаласында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация алу үшін 1000-ға жуық адам келді.
Жәрмеңкеге барлығы 280 бос орын ұсынылды, олардың арасында аспаз, пісіруші-кондитер, жүргізуші, бухгалтердің көмекшісі, бағдарламашы және АТ маман, тігінші-оператор, құрылыс ұйымдарының жұмысшылары және т.б. бар.
Жәрмеңкеге келушілер Астана әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы көрсететін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.
Жәрмеңкеге келген 1000 қалалықтың 968-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша консультация алды, 390-ы жұмыс берушіге консультацияға жіберілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz