Астанада 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Астана қаласында
ағымдағы жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша 18 839 жаңа жұмыс орны ашылды.
Соның ішінде: өнеркәсіп саласында – 1 528, көтерме және бөлшек сауда, авто және
мотоциклдер жөңдеу – 4 305, көлік және қоймалау – 1 158, білім саласы және
денсаулық сақтау – 3 157, құрылыс – 2 678 және 5 563 – экономикалық қызметтің
басқа түрлері.
Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 5 843 адам жұмысқа орналастырылды.
Жастар тәжірибесін өтуге 589 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 628 адам қайта даярлауға жіберілді.
Сондай-ақ, 115 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
Айта кетейік, елордада «Артем» базарында қалалық Жұмыспен қамту орталығының өкілдігі ашылды. Енді базарға келушілер, сондай-ақ базар маңында жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы және бос орындар, халықты жұмыспен қамту бойынша қолданылатын басқа да белсенді іс-шаралар туралы толық ақпарат ала алады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz