1158

Биыл елордада 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Биыл Астанада 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген, деп хабарлады Жұмыспен қамту орталығы.

Үстіміздегі жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, 1565 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 121-і – өнеркәсіп, 336-сы – сауда, 73-і – көлік және байланыс, 221-і – білім және денсаулық сақтау, 171-і – құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында болса, қалған 643-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.

Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 310 адамды жұмысқа орналастырды. Жастар тәжірибесінен өтуге 62 түлек жіберілді.

Айта кетейік, 2015 жылы елордада 18 389 жаңа жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың қорытындылары бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 5 937 адам жұмысқа орналастырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109