1366

Бос орындар жәрмеңкесінде 500 астам бос жұмыс орны ұсынылады

Астанада жұмыссыздарға арналған кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шара 14 шілдеде сағат 11.00-ден 13.00 дейін М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында (Бөкейхан к-сі, 1) өтеді.

Биыл бос орындар жәрмеңкесі жетінші рет өткізіледі. Шараға 50 жұмыс беруші, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер қатысады. Келушілерге 500 астам бос жұмыс орны ұсынылады.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесін тұрақты түрде өткізеді. Биыл тағы да бес жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр.

Еске салайық, жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкелерінің арқасында 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, 1 мыңға жуық адам қоғамдық жұмыстарға, 400 астамы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Сондай-ақ, 250 астам адам жастар практикасынан өтті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109