1955

«Астана опера» театрының алғашқы шетелдік гастрольдері Мариин театрында өтті

«Астана опера» театрының әртістері Мариин театрында «Бiржан-Сара», «Аттила» операларын, сондай-ақ, хореографияның әлемдік жауһарларының үздік балет көрсетілімдерінің тізбегін ұсынды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Опера» МОБТ хабарлады.

«Астана опера» театрының әртістері Мариин театрында «Бiржан-Сара», «Аттила» операларын, сондай-ақ, хореографияның әлемдік жауһарларының үздік балет көрсетілімдерінің тізбегін ұсынды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Опера» МОБТ хабарлады. 

Мариин-2 алғаш рет қазақ операсының інжу-маржаны белгілі сазгер Мұқан Төлебаевтың «Бiржан-Сара» операсы орындалды. Бiржан партиясын орындаған Мариин театрының жеке орындаушысы, Ресей еңбек сіңірген әртісі, Татарстан халық әртісі Ахмед Агади Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаевамен бірге ән айтты. Опера алғаш рет 1946 жылы 7 қарашада Алматы қаласында Абай атындағы МАОБТ қойылған, Біржан мен Сараны бірінші болып Анвар Үмбетбаев пен Күләш Бәйсейітова сомдаған. Ресейлік премьерасы 1948 жылы Мәскеуде өткен шығармашылық күштер байқауында өтті. Жарты жылдан артық уақыт өткен соң аталған опера 2013 жылғы 21 маусымда «Астана Опера» МОБТ тұсауын кесіп, жас театрдың танымдық белгісіне айналды. Сонымен қатар, Мариин-2 жаңа сахнасында Джузеппе Вердидің «Аттила» операсы көрермендер назарына ұсынылды. Дирижері - маэстро Валерий Гергиев (Ресей, Мариин театры). Қоюшы режиссері - Италияның беделді опера режиссерлерінің бірі - Пьер Луиджи Пицци (Италия, «Teatro dell’ opera di Roma»). «Аттила» премьерасы 1846 жылы 17 наурызда Венецияда La Fenice театрында өтті. Кейіннен опера сирек орындалып келді, бірақ уақыт өте келе Вердидің тақырыптарының күрделілігіне қарамастан қайта маңыздылығын арттырды. Аталған премьералық өнімнің негізі - Пьер Луиджи Пицци Рим операсына арнап шығарған қойылымы болып табылады. Айта кетейік, 2013 жылы 21 қазанда «Аттила» операсы «Астана Опера» театрының әлемдік премьерасының алғашқы күні көрсетілді. 

Айта кетейік, қойылым әлемдік театр қоғамдастығында үлкен резонанс тудырды. Атақты опера білгіштерінің пікірлері күткеннен әлдеқайда жақсы болды. Танымал мэтрлер «Атилла» жаңа театр үшін Еуропаға жол ашты деп санайды. 

Бұдан басқа, «Астана Опера» хореографияның әлемдік жауһарларының үздік балет көрсетілімдерінің тізбегін ұсынды. Халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанған «Астана Опера» театры балетінің әртістері - Мәдина Баспаева, Тайыр Гатауов, Әйгерім Бекетаева, Рүстем Сейітбеков, Жәнібек Иманқұлов, Гауһар Усина, Сержан Кәуіков, Досжан Табылды, Әнел Рүстемова, Еркін Рахметуллаев, Бақтияр Адамжан, Арман Оразов және басқалары өздерінің бидегі шеберлігі мен сымбатын паш етті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109