1385

«Астана Опера» театрында қазақ және орыс романстары орындалады

13 қаңтарда «Астана Опера» театрының камералық залында Ескі Жаңа жылға орайластырылған «Жаңа жылдық серпантин» концерті өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Опера» МОБТ баспасөз қызметінен хабарлады.

13 қаңтарда «Астана Опера» театрының камералық залында Ескі Жаңа жылға орайластырылған «Жаңа жылдық серпантин» концерті өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Опера» МОБТ баспасөз қызметінен хабарлады.  

Концертте «Belcanto» (итал. “тамаша ән салу”) музыкалық салоны таныстырылады. Бұл кеште көрермен назарына қазақтың, орыстың, испандық халық әндері, француздық шансон, М. Дунаевскийдің, И. Штраустың, Ж. Оффенбахтың опереттасынан үзінділер және басқасы ұсынылады. Кешті қазақ және орыс романстары ашады. 

Концертті ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттің әдеби бөлімі Күміс ғасырдың поэзиясы мен қазіргі қазақ лирикасына арналады. Концертке «Астана Опера» театрының жеке орындаушылары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Жанат Шыбықпаев, Айгүл Ниязова, Сүндет Байғожин, Дина Хамзина, Гүлзат Дәуірбаева,  Жамиля Жарқымбаева, Маргарита Дворецкая және атақты баритон Азамат Жылтыркөзов, ҚР еңбек сіңірген әртістері: Жанат Бақтай,  Ғалия Байғазинова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Бейімбет Таңарықов, Ескендір Әбжанов, Салтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Елена Ганжа қатысады. 

Сонымен қатар, фортепиано партиясын сүйемелдеуші пианисттердің халықаралық конкурсының лауреаты (Болгария, Италия) Р. Бескемпірова, халықаралық конкурстардың дипломанттары Е. Сахно, Ж. Ахметова, Д. Үмбетәлиева, И. Кургузкина орындайды.  

Еске салайық, концерт 13 қаңтарда «Астана Опера» камералық залында сағат 19.00 өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109