1284

Елордалық театр сахнасында "Смешанные чувства" белгілі мелодрамасының тұсаукесері өтеді

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қаңтар айының соңында Ричард Баэрдің белгілі «Смешанные чувства» («Аралас сезім») мелодрамасының тұсаукесері өтеді.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қаңтар айының соңында Ричард Баэрдің белгілі «Смешанные чувства» («Аралас сезім») мелодрамасының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына театрдың баспасөз қызметінен хабарлады. Спектакль аты аңызға айналған актриса, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Ресей Федерациясының Достық Орденінің иегері Наталья Косенконың мерейтойына арналған. 

70 жылдық мерейтойына орай актриса өзі үшін жаңа - тәкаппар әрі нәзік, мысқылшыл Кристина Мильманның рөлін сомдайды. Актрисаның серіктесі - Қырғызстанның халық әртісі, ҚР мәдениет қайратері Сергей Матвеев.

Американдық драматург Ричард Баэрдің «Смешанный чувства» пьесасы бойынша қойылған заманауи ирониялық әрі әсерлі спектакльдің режиссері - Бекполат Парманов, суретшісі - Қанат Мақсұтов.

Наталья Косенко өзінің шығармашылық жолын Ресейде бастаған, онда мол тәжірибе жинап, шебер актрисаға айналды. М.Горький атындағы орыс драма театрына 1977 жылы келген. Елордалық театрдың сахнасында 200 астам рөл ойнаған. Мысалы, Электра - «Моя любовь - Электра» Л.Дюрко, Сильвия - «Игра любви и случая» (П. де Мариво), Ларина - «Любовь и тайная свобода» (А.Пушкин), Есуй-ханум - «Чингисхан» (И.Оразбаева), Абайдың анасы - «Рано прозрел в поисках истины» (М.Әуезов), Капулетти ханым - «Ромео және Джульетта» (У.Шекспира), Бапай - «Хан-Кене» (М.Әуезов), Раневская - «Вишневый сад» (А.Чехов), Аркадина - «Чайка» (А.П.Чехов), және т.б.

«Моя любовь - Электра» спектаклінде Электраның рөлін сомдағаны үшін Наталья Косенко венгр-кеңестік достық қоғамының дипломымен марапатталды.

1998 жылы актриса Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атағын алды. 2004 жылы Мәскеу үкіметі Наталья Косенко шетелде орыс мәдениетін насихаттағаны үшін «Соотечественник» сыйлығы берілді. Актриса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның мүшесі, сондай-ақ, Қазақстан театр қызметкерлері одағының алмаспайтын мүшесі.

2011 жылы Ресей Президентінің жарлығымен «достық пен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін, сондай-ақ, ұлттар мен ұлыстардың мәдениеттерінің жақындасуы мен өзара байыту бойынша жемісті еңбегі, мемлекеттер арасындағы бейбітшілік пен достық қарым-қатынастарды күшейткені үшін Наталья Косенко Ресей Федерациясының Достық Орденімен марапатталды.

«Смешанные чувства» спектаклінің тұсаукесері 31 қаңтарда сағат 18.30 және 1 ақпанда сағат 18.00 өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109