1251

«Астана Опера» сахнасында Борис Эйфманның «Роден» балетінің тұсаукесері өтеді

22 қарашада «Астана Опера» театрының сахнасында Ресейдің халық әртісі Борис Эйфманның «Роден» балет спектаклінің тұсаукесері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметінен хабарлады.

22 қарашада «Астана Опера» театрының сахнасында Ресейдің халық әртісі Борис Эйфманның «Роден» балет спектаклінің тұсаукесері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Басты рөлде Огюст Роденді дарынды Жәнібек Иманқұлов сомдайды, Камилла Клодельді жас әрі жігерлі Әйгерім Бекетаева ойнайды Екінші құрамда Роденнің рөлінде Рүстем Сейітбеков, Камилланы Гауһар Усина ойнайды», - делінген хабарламада. Әртістерді петерборлық ұстаздар Ольга Толмакова мен Олег Парадник дайындаған. Декорация мен костюмдер «Астана Опера» театрына жеткізілді. Декорацияны Зиновий Марголин, костюмдерді Ольга Шаишмелашвили әзірлеген. 

«Роден» балеті - ұлы мүсінші Огюст Роден мен оның жас оқушысы Камилла Клодельдің қайғылы өмірі жайлы баяндайтын жоғары деңгейлі көркем шығарма. Қос ғашықтың сезімге толы романында қызғаныш пен түйіні шешілмес түсініспеушілік араласып, шығармашылық одаққа түйіседі. Эйфман әйелдер мінезінің трансформациясы: Розаның (Роденнің некедегі әйелі) күйеуіне қол жеткізем деп сәтсіз аяқталатын күресін; ұстазымен айырылысқандықтан шығармашылық табысының шырқау шыңында есінен адасып, 26 жылдан кейін көз жұматын оқушы Камилла Клодельдің махаббатын епті бейнелейді. Роден болса, қиын кезеңге тап болып, қатты азап шегеді. Ол үшін ұлы мүсінші атанудың құны қымбатқа түседі, жан тыныштығынан, денсаулығы мен бақытынан айырылады. 

Еске сала кетейік, премьера 22 қарашада «Астана Опера» сахнасында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109