1469

Бүгін Астанада Александр Зацепиннің шығармашылық кеші өтеді

16 қарашада Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында кеңестік кино әртісі, аты аңызға айналған Александр Зацепиннің «Надо мной небо синее…» шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына ұйымдастырушылар хабарлады.

Бүгін Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында кеңестік кино әртісі, аты аңызға айналған Александр Зацепиннің «Надо мной небо синее…» шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына ұйымдастырушылар хабарлады. 

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Астанада Александр Зацепиннің әндерін орындайды. Атап айтқанда, Әлібек Дінишев, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Бауыржан Исаев, Байғали Серкебаев, Сағынай Абдуллин, Мадина Садуақасова. Сондай-ақ, Болат Сыздықов, Жанар Доғалова, Қайрат Байкенов, Маржан Арапбаева, Диана Шарапова, «Jazz Sound» вокалдық квинтеті, «Мьюзикола», «Кешью» топтары және т.б. Ұйымдастырушылар кеш қонақтарына және Александр Зацепинге тосын сый әзірлеген.  

Александр Зацепин «Земля Санникова», «31 июня», «Женщина, которая поёт», «Душа» фильмдеріне музыка жазған. Бүгінгі таңда Зацепиннің Леонид Гайдайдың «Операция «Ы» и другие приключения Шурика», «Кавказская пленница», «Бриллиантовая рука», «Двенадцать стульев», «Иван Васильевич меняет профессию» комедияларына жазған әндері кеңінен танымал. «Есть только миг», «Куда уходит детство», «Так же, как все» және басқа да көптеген шығармалары хитке айналды. Ол шығармашылық жолын «Қазақфильм» киностудиясынан бастап, «Наш милый доктор» және «Тақиялы періште» фильмдеріне ән шығарған. «Наш милый доктор» фильміндегі «Надо мной небо синее…» әні композитордың жолын ашып, ол алғаш рет Мәскеуге барады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Александр Зацепиннің концерті елордадағы жарқын әрі ауқымды іс-шара болмақ. Сахнада ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Абылаевтың жетекшілігімен «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, дирижер - Александр Беляков өнер көрсетеді. 

Александр Зацепин әртістерге қолдау көрсетіп, кеш қонақтарына көптеген сый жасайды. Айта кетейік, кешке «Тақиялы періште» фильмінде Тайлақтың рөлін сомдаған Әлімғазы Райынбеков те шақырылды, ал оның келуінің мақсатын көрермендер концертте ғана білетін болады. Билеттер 1 қарашадан бастап сатылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, билеттің құны қолжетімді болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109