1930

Елорда мұражайы көрмесі өткен ғасыр суретшілерінің 28 туындысына арналды

Астанада бейнелеу өнерінің тарихында тұңғыш рет «Қазақстан суретшілері - тұңғыш әйелдер» көрмесі вернисажы көпшіліктің назарын аударуда.

Астанада бейнелеу өнерінің тарихында тұңғыш рет Ә.Қастеев атындағы Бейнелеу өнері Мемлекеттік мұражайы мен Астана қаласы Қазіргі заман өнері мұражайы бірігіп ұйымдастырған  «Қазақстан суретшілері - тұңғыш әйелдер» көрмесі вернисажы көпшіліктің назарын аударуда. Іс-шара Астана қаласының 15 жылдығы мерейтойына орайластырылып отыр. 

Мұражайға бас сұққаннан-ақ, ХХ ғасырдың кезеңіне бірден еніп кетесіз. Қыл қалам шеберлерінің жүректерін жарып шыққан туындылары заман келбетін, ондағы тыныс-тіршілікті еріксіз көз алдыңызға алып келеді. Әйел-суретшілер өз шығармашылықтарында сол уақыттың өзінде тәуелсіздікті, дербестік пен адамдардың бойындағы күш-жігерді айырықша бағалай білгендігін паш етеді. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары өткен ғасырдың 30,40,50,60 жылдарынан біздің кезеңімізге дейінгі жеткен суретші-әйелдердің  28 туындысымен таныса алады. 

Көрменің ашылу салтанатында көрмені ұйымдастырушылардың бірі, халықаралық өнертанушылар қауымдастығының мүшесі Камилла Ли, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова мен Гульфайруз Мансұрқызының ұлы - Вадим Сидоркин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, көрнекті өнер қайраткерлері пікірлерін ортаға салды.

 «Экспозицияның орталық бөлігіне танымал суретші әйелдер Айша Ғарифқызы Ғалымбаева мен Гульфайрус Мансұрқызы Исмаилованың кескіндеме полотнолары қойылған. Бұл екі ұлы қыл қалам шеберлерінің есімдері Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің тарихына алтын әріптермен жазылады.  Олардың дарынды туындыларының арқасында бүгінде ұлттық көркем бейнелеу өнері қарыштап дамып, келесі ұрпақтың дүние танымдарын қалыптастыруда», - деді өнертанушы Камилла Ли,

Қазіргі заман өнері мұражайында барлығы кескіндеме, графика және мүсін жанрындағы туындылардың 117-сі қойылған. Олар баға жетпес тарихи және көркем дүниелер. Көпшілігі жұршылықққа алғаш рет ұсынылып отыр. Олардың қатарында: кескіндемешілер  Елена Карасулова-Челохян, Анна Мартова, Ольга Кужеленко, Валентина Фролова және басқалар бар. Сондай-ақ, графикадан - Елизавета Говорова, Лидия Литвиненко мен Татьяна Говорованың да туындыларын көруге болады.

Көрме жаздың аяғына дейін жалғасады.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109