1669

Ақын Кәкімбек Салықовтың «Астана - елдің ажары» кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін Астанада «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында танымал ақын Кәкімбек Салықовтың «Астана - елдің ажары» кітабының таныстырылымы өтті.

Бүгін Астанада «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында танымал ақын Кәкімбек Салықовтың  «Астана - елдің ажары» кітабының таныстырылымы өтті.  Жаңа поэзия туындысы Астананың 15 жылдық мерекесіне арнап жазылған. 

Кітаптың негізгі бөлімі  - Қазақстан Республикасының рәміздеріне, Елбасының рөліне, Астананың жеткен жетістігіне арналған. Кітаптың авторы «Астананың жеті  кереметін» жазған. Бұл жеті кереметтің ішінде айтулы нысандар бар. Олар  «Қазақ елі монументі», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Әзірет сұлтан мешіті», «Астана опера» театры, «Ақорда», «Хан Шатыр», «Мәңгілік ел қақпасы».

Кәкімбек Салықов Астананың танымал қайраткерлері жазушы Әбіш Кекілбаевтың, ұшқыш Тоқтар Әубәкіровтың, Талғат Мұсабаевтың, кардиохирург Юрию Пя, скрипкашы Айман Мұсақожаеваның және т.б, тұлғалық қасиетін таныта білген. Оның айтуынша,  бұл кісілердің талантын, жоғары кәсібилігін, Отанға деген сүйіспеншілігін шығармаға арқау етеді.

«Бұл кітапты соңғы екі жылда жаздым. Астана менің шығармашылығыма жаңа тақырып іздеуге дем берді. Бір жағынан алып қарағанда,  бұл Сарыарқа төсінде бой көтерген заманауи жаңа қала. Екінші жағынан,  халқымыздың ұлы тарихын еске салады. Мәселен, қазақ қайраткерлері Керей мен Жәнібек,  Құрманғазы, Кенесары хандарымыздың ескерткіштері. Астананың өзге қалалардан тағы бір ерекшелігі - бұл «Ақылды қала» жобасының жүзеге асуы. Мұнда қызмет көрсететін технологиялардың барлығы қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне бағытталған.Қазіргі таңда көптеген қалалар осы қағидамен дамуда. Елімізге осылай сый жасаған Астананың бас сәулетшісі - Елбасыға алғыс айтамын. Елорданы Астанаға ауыстыру үшін үлкен саяси батылдық керек еді », -  деді Кәкімбек Салықов.

Кітапта автордың сөзіне жазылған әндер қамтылған.

 Тұңғыш туындының таныстырылымына Кәкімбек Салықтың өлеңдерін сүйіп оқитын көптеген оқырмандары, көрнекті қоғам және өнер қайраткерлері қатысып, авторды құттықтады. Олар жаңа туындының жас астанамыз бен тұтастай алғанда, еліміз үшін рухани мәні мен маңызын атап көрсетті. 

Кәкімбек Салықов - 45 поэтикалық жинақтың авторы. Алғашқы өлеңдер жинағы  1970 жылы жарыққа шыққан.  "Жезкиік" өлеңдер жинағының авторы, "Қайырлы күн" - 1976 ж., "Жұлдызды жылдар тынысы"  - 1978 ж., "Көкжиекке тартқан көш" - 1997 ж т.б. тамаша кітаптар жазған Кәкімбек Салықов - тек қана ақын емес, сонымен қатар талантты аудармашы. Ол кеңес жазушылары  Владимир Маяковский және Якуб Колостың өлеңдерін алғаш қазақ тіліне аударған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109