1548

«Астана Опера» «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасына әзірлік үстінде

Астана күні қарсаңында, 3 шілдеде "Астана-Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында П.И.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы өтеді.

Астана күні қарсаңында, 3 шілдеде "Астана-Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында  П.И.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы өтеді.

Балет премьерасы заманымыздың көрнекті балетмейстері Юрий Григоровичтің жаңа хореографиялық өңдеуімен ұсынылады. Ресей хореографиясының хас шебері  "Ұйқыдағы аруды" бұрынғы балетмейстерлерде жиі кездесетін тек балалар ертегісі немесе ойын-сауық феериясы ретінде қоймайды, Чайковскийдің музыкасына сәйкес  өз кезегінде жанды рухтандыратын поэма түрінде ұсынады.  

Премьераға дейін санаулы күндер қалды. Қазір театр сахнасы безендіріліп, атақты балетті қоюға қызу дайындық жұмыстарына кіріскен. 17 ғасырда Франция королінің билігі кезіндегі көріністер көрерменді бейжай қалдырмайтындай асқан толғанысты сәттерге толы.  Әсерлі көріністер мол. Мұны дәл осы кезде «Астана Операға» бас сұққан әрбір адам тап басып таныр еді. 

Театрда соңғы дайындықтар жүруде. Италиядан Астанаға әкелінген салмағы 4 тонналық «алтын жалатқан» декорациялар орнату аяқталды. Ал тек корольдік қорғандардан тұратын салмағы 500 кг  қақпалардың өзі неге тұрады?!  

 «Көптен күткен қойылым бірнеше күннен кейін басталады. Әркімнің кеудесінде толқу бар екендігі көрінеді.   Өйткені театр жаңа, мұндағы мәдени өмір де жаңадан басталып жатыр. Сондықтан асқан жауапкершілік  пен тәжірибенің сынға түсетін кезі»,- деп пікірін білдірді көрнекті  Эцио Фриджерио. 

Спектакль үшін  25-30 % декорация Қазақстанда жасалды. Қалғаны Италияда әзірленді. Тағы бір айта кетерлігі, оған әрлеу мен ажарлаушы және бояу жөніндігі әр түрлі цехтардан көптеген адамдар қатысты. Пластик, арматура, сұйық әйнек сияқты бірнеше материалдар пайдаланылды.  

Суретші-сценограф Эцио Фреджирионың 350 спектакль қоюға бірге атсалысқан өз командасы бар. Қазақстанда оған мұндағы мамандармен қоян-қолтық жұмыс істеуге тура келді. Істің күрделі басталғанына қарамастан, нәтижесі жақсы шықты. Бұл спектакль бесінші рет қойылып тұр. Сондықтан оның Миландағы «Ла Скаламен», Франциядағы «Париж Операсымен», Ресейдегі Үлкен театрдағы, тағы басқа да жұмыс тәжірибелері  бір биікке көтерері сөзсіз. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109