1574

Қаланың 15 жылдығына «Астана - арман қала» көрмесі ашылады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы Астана қаласының 15 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар легін әзірледі. 26 маусымда фотограф Владимир Куриловтың «Астана - арман қала» жеке көрмесі ашылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы Астана қаласының 15 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар легін әзірледі. 26 маусымда танымал астаналық фотограф Владимир Куриловтың «Астана - арман қала» жеке көрмесі ашылады. Бұл серіктестік жобалар аясында ұйымдастырылған Мұражайдағы Астана күніне арналған іс-шаралардың бастамасы болуда. 

Аталаған жәдігерлер мұражайдың кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясы болған және осы жерден Ақмоланың Қазақстанның жаңа астанасы екендігі жарияланған  Күмбезді залында орналастырылды, - деп хабарлайды Мұражайдың баспасөз қызметі. 

«Владимир Курилов біздің бас қаланың жылнамашысы ретінде кеңінен танымал. Қазақстанның жас астанасына арналған оның көптеген фотосюжеттері өзінің қайталанбас өрнектері мен тың көзқарасымен ерекшеленеді»,- деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Владимир Иванович Курилов 1956 жылы 25 маусымда Ақмола (Астана) қаласында дүниеге келген. Оның барлық еңбек жолы, өсу, өркендеу белестері осы қаламен тығыз байланысты. Автордың фотографиялары халық жүрегіне ұялаған арман қаланың қалыптасу тарихын көз алдыңызға алып келеді. 

Көрмеге Владимир Куриловтың «құс жолы биігінде» салынған 30-дан астам еңбегі қойылады. 

Оның фотографиялары қаланың барлық қонақжай орындары мен көздің жауын алатын көрікті жерлерін, атап айтқанда: «Ақорда», «Бәйтерек», Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Хан шатыр» СОО, тағы да басқа сәулет өнерін өзіндік мәнерімен, түріруімен, өзіндік талғаммен ұсынуымен бағалы. 

Әсіресе, елорданың керемет келбетін үлкен биіктерден түсіру тек Владимир Куриловке ғана тән. Осы суреттерді халыққа ұсыну үшін ол ерінбей-жалықпай кез келген биіктіктің ұшар басына шығып, шығармашылық ізденіспен жүреді. «Кез келген дүниені беріле, сүйсіне істесең, ол өз жемісін көрсетеді. Мен де өз еңбегімнің нәтижесін көрудемін», - дейді  автор.

Қазақстан мен оның жас астанасының тарихы жазылған бұл фотографияларға бүгінде баға жетпейді. Оның құндылығы жылдар өте келе бұдан да арта түседі. Өйткені онда адамдар тағдыры мен тарихтың жылнамасы жатыр. 

«Астана - арман қала» көрмесі 26 маусымда 17.00-де ашылып, 2013 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109