1326

Астана екі күн бойы түркітану орталығына айналмақ

Түркі жазуы мен мәдениеті аясында Қазақстан астанасында «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» Халықаралық ғылыми конференциясы өтуде.

Түркі жазуы мен мәдениеті аясында Қазақстан астанасында «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» Халықаралық ғылыми конференциясы өтуде. 

Қимақ мемлекетінің (IX-XI ғ.ғ.) 1100 жылдығына арналған атаулы датаға орай конференция Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  29-30 мамырда, екі күн бойы өтеді.

Қыпшақтану негізіне тамырлас этностар: қыпшақ, қимақ, құмандардың тарихы, тілі мен мәдениетін зерттеуге жататын Еуропалық ауқымдағы ғылыми бағыт болып табылады.  Қимақ мемлекетінің мұрагерлері қыпшақ билеушілері болды. 

«Тарихты қазақ халқының ата-бабаларының тамырымен сабақтастыра қарау өте маңызды. Жазбаша деректемелердің көрсетіп отырғанындай, аталған түркі тілдес үш тайпаның жекелеген бөлімшелері Батыс Қазақстанда қалып, қыпшақтар бірлестігінің құрамына енген», - деп атап көрсетеді конференцияны ұйымдастырушылар.

Іс-шара қыпшақтанудың жаңа жетістіктерінің нәтижесі мен ғылыми зерттеулердегі тәжірибе алмасуды, ғылыми зеттерулерді және бірлескен жобаларды талқылауды көздейді. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар конференция барысында қыпшақтанудағы аз қамтылған түйткілдер мен даму деңгейін талқылауды мақсат еткен.

Ғылыми конференцияға танымал отандық және шетелдік ғалымдар, тарихшылар, филологтар, археологтар, түркітанушылар, шығыс ғалымдары және Болгария, Венгрия, Түркия, Ресей, Украина, Қырғызстаннан келген  деректанушылар, сондай-ақ, Қазақстандағы елшілік өкілдері қатысады.

Университеттің баспасөз қызметі атап көрсеткеніндей, конференция аясында көрнекті ғалымдардың қатысуымен семинарлар мен шеберлік дәрістері өткізіліп, қорытындысында қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109