1307

Астананың 15 жылдығына Юрий Григорович «Ұйқыдағы ару» балетінің тұсауын кеседі

Қала күні қарсаңында "Астана-Опера" Мемлекеттік опера және балет театры сахнасында П.И.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің тұсаукесері өтеді.

3 шілдеде, Қала күні қарсаңында Астанада "Астана-Опера" Мемлекеттік опера және балет театры сахнасында П.И.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің тұсаукесері өтеді.

"Ұйқыдағы ару" балеті Шарль Перро ертегісінің желісі бойынша дүниеге келген - П.И. Чайковскийдің алтын қазынасы.  Бұл әсерге толы, керемет құнарлы туындының көркемдік нәрі мен сұлу көріністері адам жанын еріксіз баурайды. Балеттің ұлы музыкалық келбеті симфониялық дамуға ұласып, екі тақырып – Фея Сирени  мен Фея Карабосс  Мейірім мен қара күшке қарсы тұрады. 

Петр Чайковский «Ұйқыдағы ару» қойылымы барысында хореограф Мариус Петиппен бірлесіп, жұмыс атқарған. Екі ұлы адамның  шығармашылық бірлестігінің  нәтижесінде музыка мен хореография үндескен керемет туынды дүниеге келді.

Балеттің тұсаукесері 1890 жылы 3 қаңтарда Марин театрында өткен болатын. Содан бері «Ұйқыдағы ару» әлем сахналарында қойылып келеді. Петиптің шебер хореографиясын негізге ала отырып, балетмейстерлер оған жаңа леп қосуға тырысып бағуда.

  «Ұйқыдағы ару» балетінің жаңа таныстырлымы «Астана- опера» сахнасында  балетмейстер Юрий Григоровичтің қазіргі заманауи хореографиялық редакциясымен ұсынылатын болады. Ресей хореографиясының хас шебері «Ұйқыдағы аруды» балалар ертегісі немесе көңілді думан ретінде емес, басқа балетмейстерлерде жиі кездесетін жан жадыратар поэма сияқты Чайковский музыкасына үндестіріп қояды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109