1411

Мұражайда Ұлы Жеңіс тарихы туралы естеліктер айтылды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында Ұлы Отан соғысының 68 жылдығына арналған кездесу-сабағы өтті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында Ұлы Отан соғысының 68 жылдығына арналған кездесу-сабағы өтті. 

Ұйымдастырушылар мектеп оқушыларымен бірге Ұлы Жеңістің ерлік тарихтары мен қаһармандық беттерін еске алып, онда қазақстандық жауынгерлердің фашистік германияны талқандаудағы рөлі мен отансүйгіштік рухтары жайлы Отанға деген шексіз махаббаттары мен өшпес ерлік даңқтары туралы кеңінен әңгімелеуді мақсат тұтты. 

Іс-шараға қатысушылар: қаладағы № 22 орта мектеп оқушылары түрлі тарихи деректерді пайдалана отырып, Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің қайтпас қайсарлықтары жөнінде өз білім деңгейлерін көрсетті. 

Сабақтың негізгі бөлігі іс-шараның құрметті қонағы, соғыс ардагері Анатолий Куропятниковтың Украин, Молдавия, Румыния, Польша, Германия жеріндегі әкери ұрыстарға қатысқан кездегі ерліктерін еске алуымен, пікір алмасулардан тұрды.

 1944 жылдың қаңтарында 16 жастағы аты аңызға айналған ардагер 5-ші Гвардия армиясының гвардиялық әуе-атқыштар полкі құрамына алынды. Соғыстан кейін Анатолий Никифорович прокуратура органдарында үлкен еңбек жолынан өтті. Ол – үшінші санаттағы мемелекеттік заң кеңесшісі, ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері, бірнеше рет КСРО Бас прокуратурасы мен республика прокуратурасының тарапынан құрметті марапаттарға ие болды. 

Анатолий Никифорович өте тәжірибелі маман. Ол полк баласынан облыс прокурорына дейінгі жолдан өтті. Қазірде күш-қайраты бойында.  Өз сөзінде ардагер жастарға өмірде тек жүйелі білім алып, алға мақсат қоя білу керектігін қадап айтады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Біз – жеңімпаз әкелер мен аталардың ұрпақтарымыз», - біздің міндетіміз Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен келгенін ұмытпау, - деп жазады мұражай қызметкерлері.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109