1395

Жеңіс күні қарсаңында қарттар үйіндегі ардагерлерге сый-сияпат жасалды

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Сарыарқа ауданының әкімі Ермек Оспанов Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде болып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Ермек Оспанов, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер басқармасының бастығы Алма Алтыбаева қаладағы Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде болып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті.

Ермек Оспанов, Астана қаласы, Сарыарқа ауданының әкімі:

Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтау игі дәстүрімізге айналған. Әдетте, мен құттықтауды өздеріңізден бастаймын. Бүгін барлығыңызды аман-сау көргеніме қуаныштымын. Біздің ауданда бүгінде 116 Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Олардың ең жасы 85-те болса, ең үлкені 101-ге келді.

Жанар Есенаманова,  Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық мекемесі бастығының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары:

Мемлекет қарттарға барлық жағдайды жасап келеді. Бұл кісілердің зейнетақысы, жәрдемақысы толығымен өздеріне беріледі. 2011 жылы әлеуметтік қызмет көрсету саласына арнайы стандарттар енгізілді. Сол стандарттарға байланысты қызмет көрсетеміз. Атап айтсақ, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және басқа да қызмет түрлері көрсетіледі. 

Олег Линник үшін қарттар үйі қара шаңыраққа айналған. Замандастарымен әңгіме-дүкен құрады, өткен өмірімен бөліседі. Қарияның айтары көп. 15 жасында әскерге алынып, снаряд өңдеуші болады. Сөйтіп жүріп, басына оқ тиіп, госпитальға түседі. Кейін соғыстың қиын-қыстау кезеңіне қарамастан әскери кемеде от жағушы болады.

Олег Линник, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Соғыс басталғанда барлығымызды Краснодардан жан-жаққа көшірді. Мен өз еркіммен әскер қатарына қосылдым. Самарқандта, Киевте болдым. Көп ауырдым, басым жараланды. Сосын мүгедек болған соң шешемді іздеп тапқым келді. Краснодарға келсем, шешем қайтыс болып кетіпті. Содан батальон командирі болған таныс адамды кездестіріп, Дунай әскери флотында от жағушы болдым. Түнде Одессадан шығып, Дунайға оқ-дәрі, қару-жарақ таситынбыз. Ең қауіптісі, немістер суға мина жасыратын, оны толқын көтерілгенде ғана байқауға болады. Сондай қауіп болса да, аман қалдық.

Бүгінде қарт жауынгер 85 жасқа таяп қалды. Өмірінің қарттар үйінде өтіп жатқанына өкінбейді. Айта кету керек, аталған мекемеде 320 тұрғын бар. Олардың ішінде 6 Ұлы Отан соғысының ардагері, 27 ҰОС қатысқандар мен мүгедектеріне теңестірілгендер, 37 тыл ардагері, 7 саяси қуғын-сүргінге ұшыраушы, 14 тың игеруші бар. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109