2385

Астана Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуде

Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Жүзден астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше.

Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Жүзден астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Сондықтан, барша қазақстандықтар бүгін емен-жарқын көңіл-күймен көшелерге шығып, іс-шараның көрігін қыздыра түсуде. 

Бүгін елордада қала  тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған көптеген мерекелік іс-шаралар өтуде. Отандық эстраданың жұлдыздары мен Астана қаласының шығармашылық ұжымдары қатысатын фестивальдер мен концерттер, спорттық жарыстар мен түрлі көрмелер, қалалықтардың көңіл-күйін көтеруге арналған жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. 

 Мереке дәстүрлі түрде «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда өтуде. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан ауқымды іс-шараға қаланың шығармашылық ұжымдарынан 2000-нан астам әртістер қатысуда.  1 мамырға арналған концерт әлем халқының «Мәдениеттер үндестігі» символикалық биімен  ашылды. Қазақстан халқының достығы мен бірлігі негізделген қазақ, орыс, корей, өзбек және басқа да ұлттардың билері бірге биленді.

Негізгі сахнада «Rin’Go», Мәдина Сәдуақасова,  Парвиз Назаров, Еділ Хұсайынов, Әлішер Кәримов, Алмаз Кішкенбаев, Маржан Арапбаева,  «Дервиши» сияқты танымал отандық топтар мен әншілер өнер көрсетуде. Сонымен қатар Грузияның ұлттық балеті, Өзбекстан мен Ресейдің би ұжымдары, өзбек эстрадасының жұлдызы Севара Назархан, тағы да басқа көптеген әртістер бас сахнаның қонақтары ретінде өнерлерін көпшілікке ұсынуда.

 Кіші саханада  12.00-ден 18.00-ге дейін елорданың этномәдени бірлестіктері өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынады. Концерттік бағдарламаға 21 шығармашылық ұжымнан  350-ден астам өнерпаз атсалысуда.

 Сондай-ақ, спорттық жарыстар (арқан тарту, армреслинг, кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, басқа да спорт түрлері)  өткізуге 2 алаң қойылған;

20 сауда палаткасында азық-түлік тағамдарының бөлшек саудасы жүруде. Сонымен қатар, елорда мейрамханалары мерекеге келушілер үшін этонстардың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынуда.

Бүгін бүкіл қала бойынша мерекелік іс-шаралар жүруде.  12.00 сағатта елордалық  «Наз» театрында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерт өтеді.  Концертте күрд, ұйғыр, болгар этномәдени орталықтарының шығармашылық театры ұжымы мен ардагерлер хоры өнер көрсетеді.

 Қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы да бұл күні қамсыз қалмаған. Олар қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты іс-шаралар әзірлепті. Атап айтқанда, «Барыс» СК-да  балалардың «Астана» ХК командасы мен Ақмола облысының «Ақкөл» командасы арасында шайбалы хоккейден жолдастық кездесу қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.

Кеште, 19:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Астана» БК - «ВЭФ» БК арасында Бірыңғай лигада плей-офф сериясы өтеді.

 Ал, 18.00-де қала әкімдігінің алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған би кеші өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109