1444

Жастар алғашқы флешмобқа белсене қатысты

Бірлік пен татулық, бейбітшілік пен келісім мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде сән-салтанаты жарасып, кең ауқымда аталып өтіп жатыр. Мерекеге өз үлестерін қосудан жастар да тыс қалмады.

Бірлік пен татулық, бейбітшілік пен келісім мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде сән-салтанаты жарасып, кең ауқымда аталып өтіп жатыр. Мерекеге өз үлестерін қосудан жастар да тыс қалмады. Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы 8 бен 25 жас аралығындағы 70 адамның қатысуымен «Ажар» сауда ойын-сауық үйінде флешмоб ұйымдастырды.

Динара Тағаева, Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры ұйымдастыру бөлімінің бас маманы:

«Аталған флешмоб алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Соған қарамастан көздеген мақсатымыз орындалды деп ойлаймын. Кішкентай бүлдіршіндерден бастап жасы 25-ке келген жастар да флешмобқа қызыға атсалысты. Өйткені, мұндай мерекеде қай- қайсымыздың да қол қусырып қарап отырғанымыз жараспас еді».

«Жастар би ырғағында» деп аталған флешмобқа елорданың ең танымал би ұжымдары, студент жастар, мектеп оқушылары мен Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері қатысып, әлем халықтарының дәстүрлі билерін биледі. Акцияны өткізудегі басты мақсат – ұлттар арасында достық пен келісімді, тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту. Айта кетейік, жастар 15 минуттың ішінде қазақ, өзбек, үнді, орыс, тағы басқа да ұлттардың биімен қоса хип-хоп, құлтемір биі және басқаларды орындады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109